Катаев-Естай көшелерінің қиылысында самокатпен кетіп бара жатқан баланы көлік қаққаны туралы ақпаратты куәгерлер хабарлаған, деп жазады Egemen.kz.
Жедел жәрдем оқиға орнына жеті минутта жеткен. Дәрігерлер тексеруден кейін 12 жастағы баланы облыстық балалар ауруханасына жатқызды.
- Науқастың бас миының жабық жарақаты, бас миының шайқалғаны, басы, арқасы және аяғында көгерген белгілер бары анықталды. Сондай-ақ терісі сыдырылған, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы орташа дәрежеде.