• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 07 Тамыз, 2022

Илон Маск Twitter-ді қандай шартпен сатып алатынын айтты

165 рет
көрсетілді

Америкалық миллиардер, SpaceX және Tesla компанияларының иесі Илон Маск егер компания әлеуметтік желідегі аккаунттардың шынайылығы қалай расталатынын көрсетсе, Twitter-ді сатып алатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Егер Twitter жай ғана 100 аккаунтты іріктеу әдісі туралы айтып, олардың түпнұсқалығын қалай растайтынын көрсетсе, онда мәміле бастапқы шарттармен жасалады», деп жазды ол Twitter-де.

Сәуір айының соңында Маск Twitter-ді 44 миллиард долларға сатып алғаны хабарланған болатын. Мәміле аяқталғаннан кейін әлеуметтік желі мемлекеттік емес компанияға айналатыны хабарланды.

Мамыр айында кәсіпкер Twitter әлеуметтік желісін сатып алу келісімін тоқтатқанын хабарлады. Кейінірек компания мен Маск бір-біріне қарсы шағым түсірді.