Кубаның Матансас портындағы мұнай базасында болған жарылыс салдарынан 77 адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Куба ақпарат құралдарының хабарлауынша, елдің солтүстігіндегі «Матанзас супертанкер базасы» деп аталатын мұнай сақтау қоймасында жарылыс болды.
Жергілікті шенеуніктердің айтуынша, найзағай порттағы жанармай сақтайтын цистерналарға түскен. Салдарынан өрт ұшқындап, жарылыс болған.
Оқиға кезінде 77 адам жараланып, 17 өрт сөндіруші із-түзсіз жоғалған.
Порттағы 8 цистернаның 4-еуі жарылған. Өрт әлі де жалғасуда. Қатты жел салдарынан өртті сөндіру әзірге мүмкін емес. Қалың түтін Гавананың астанасына жетті.