Көпқабатты үйдің жертөлесінде ойнап жүрген жасөспірім электрмен жабдықтау қондырғысын ұстап қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Балаға «бас терісінің күйігі, 3-дәрежелі электр жарақаты», деген диагноз қойылды. Оның жағдайы ауыр. Қазір бала қалалық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр», деп жазылған Шымкент қаласы ТЖД-ның Қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.