• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Тамыз, 2022

Қостанай облысында 5 жасар қыз жоғалып кетті

268 рет
көрсетілді

Қостанай облысында 7 тамыз күні таңға жуық үйінен шығып кеткен бес жасар қыз іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бала 18 және 13 жастағы әпкелерінің бақылауында болған. Қыздар таңертең оянғанда бүлдіршінді таппай қалған. Қыздың анасы полицияның көмегіне жүгінген.

«Хабарлама түскеннен кейін бірден іздеу шаралары басталды. Қостанай полиция басқармасының жеке құрамы дабыл қағып, іздеу жұмыстарына еріктілер қосылды», деп атап өтті ПД өкілдері.

Қазіргі уақытта бүлдіршіннің орналасқан жерін анықтау бойынша барлық қажетті шара қабылданып жатыр.