• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Тамыз, 2022

Елімізде бір аптада 3397 қылмыс тіркелді

258 рет
көрсетілді

Өткен аптада елімізде 3 397 қылмыс тіркелді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның онлайн брифингісінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Елдегі криминогендік жағдайға тоқталсақ, бір апта ішінде 3 397 қылмыс жасалды. Оның 1 986-ы тәулік ішінде ашылды», деді Ш. Тұрлыбек онлайн брифингі кезінде.

Оның айтуынша, полиция қызметкерлері ізін суытпай жеті кісі өлтіру қылмысын, 1 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмысын, бір қарақшылық, сондай-ақ 34 тонау және 539 бөтен мүлікті ұрлау қылмысын ашты.