• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 08 Тамыз, 2022

Вашингтонда найзағай түсіп, 3 адам қайтыс болды

173 рет
көрсетілді

Вашингтондағы саябаққа найзағай түскен. Салдарынан 3 адам қаза тауып, 1 адам ауыр жараланған, деп хабарлайды Egemen.kz ABC News-ке сілтеме жасап.

Колумбия округінің өрт сөндіру және жедел жәрдем қызметкерлері оқиғаның Ақ үйдің алдында орналасқан Лафайет саябағында болғанын айтты. Құрбандар ағашқа жақын тұрған. 

Ауыр жарақат алған екі ер адам мен екі әйел аудандық ауруханаға жеткізілген. Олардың өмірі қыл үстінде. 

Шенеуніктердің айтуынша, қазір тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталуда.