• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Тамыз, 2022

Жамбыл облысында алкоголь өнімін шығарған астыртын цех анықталды

218 рет
көрсетілді

Жамбыл облысы бойынша ҚМА департаментінің қызметкерлері жалған есепке алу-бақылау маркаларын қолданып, алкоголь өнімін шығарып келген цехты анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

«Тінту кезінде 3 мың литрге жуық алкоголь, 36 мыңнан астам бөтелке, жалған есеп-бақылау маркалары, қақпақтарды жабуға арналған құрылғылар тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес. Басқа ақпарат жариялауға жатпайды», делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.