• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Руханият 08 Тамыз, 2022

Мейірім шұғыласы

229 рет
көрсетілді

Тарихта мәдениеттің жалпыадамзаттық қазынасына елеулі үлес қосқан әйел суретшілер аз емес. Шығармашыл ханымдардың өз қолтаңбасы арқылы әлемге айтары бар. Ә.Қастеев атындағы өнер музейінде «Таң-Шолпан» халықаралық тәуелсіз әйел суретшілер қорының «Толғаныстар» атты көрмесі ашылды.

«Таң-Шолпан» халықаралық тәуел­сіз әйел суретшілер қоры Қа­зақ­стан мен алыс-жақын ше­тел­дер­дің кәсіби шеберлерін бірік­тір­ген бірегей өнер алаңы. Оған мүше нәзік жандылардың есімдері республикалық және халықаралық көрмелерден бел­гілі. Жобаның негізін қалаушы – Қазақстан және Еуразиялық Суретшілер Одағының мүшесі, суретші-кескіндемеші Жәмила Такеннің айтуынша, қор­дың мақсаты – суретші әйелдің шы­ғармашылық әлеуетін ашу, оның тұлғалық, шығар­ма­шылық және рухани өсуіне жағдай жасау. Өнер алаңының атауы да таңның атысымен, таңғы жұлдызбен, қайта жаңғырумен және әйелдің жасампаз қуатымен байланыстырылған.

Көрмеде ұсынылған шығар­ма­лар­да қазіргі өмірдің шын­дығын көрсететін әлеу­меттік та­қы­рыптағы тұжырым­да­ма­лық жұмыстардан басқа, филосо­фия­лық ойлар, дерек­сіз кескіндеме бар. Бұл көркем шы­ғар­маларда, гобелендерде және киіз­ден жа­сал­ған паннода бейнеленген ұлт­тық тақырыптарды құ­райды. Гра­фика, сонымен қатар акварель мәнерімен ұсынылған өнер туын­дылары ой тереңдігімен, үйлесімді ко­ло­­ристикалық комбинациясымен ерек­­шеленеді.

– «Толғаныстар» – тұжы­рым­да­малық көрме. Қазір күрделі, гео­саяси оқиғалар кезеңі. Адамдар, әсіресе еліміздегі қаңтар оқиға­сынан және Украинадағы жағ­­­дай­дан кейін болашаққа алаң­­­дау­­шы­­лықпен қарай бастады. Өкі­­­­нішке қарай, көпбалалы ана­­­­лар проблемасы, жастар арасында суицидтің өсуі және т.б. жағдайлар орын алуда. Біз сырттай бақылаушы бола алмаймыз және өз шығармаларымызда болып жатқан оқиғалардың мә­нін жеткізуге тырысамыз, ал жеткізе алдық па, жоқ па – оны кө­рер­мендеріміз бағалайды... Суретші – халықтың үні, айналада бо­лып жат­қан барлық жағдайға сезім­тал. Та­биғатты, қоршаған әлем­ді нәзік се­зінеді. Біздің ұлы дала шексіз көк­жиек пен ашық ас­пан­ның көгілдір тұңғиығымен ұштасқан бұл әлем – біз өмір сүргіміз, сүйгіміз келетін дүние. Біз өз шығармашылығымызды адам­дарға көрсеткіміз келеді, әлем­­дегі өркендеу мен мәдени-ру­­хани жаң­ғы­руды қолдаймыз, өйткені біздің қорымыз «халық­ара­лық» мәртебені бекер иеленбеген. Қордың феминистік идеяларға ешқандай қатысы жоқ! Бізді өнерге деген сүйіспеншілік, сұлулықты жасауға деген ұм­ты­лыс біріктіреді. Біздің әр­қай­­­сы­мыз­дың өз көзқарасымыз бен өзін­дік ерекшелігіміз бар, бірақ ынты­мақ­тастық процесінде біз одан да көп нәрсеге қол жеткіземіз, – дейді «Таң-Шолпан» қорының жетек­шісі, су­ретші Жәмила Тәкен.

Әр жаңа көрмеде суретшілер тың туындылар жасауға тырысады. Әр көрменің өз тақырыбы мен идеяларды жүзеге асыру уақыты бар. Айталық, осы жылдың наурыз айын­да елордадағы Ұлттық музейде ашылған «Тікенектер арқылы...» көр­месі Қазақстанның халық ақы­ны Мәриям Хакімжанованы еске алуға арналған. Заманауи әлем туралы ой жүгірте отырып, Қор суретшілері екі перфоманс жасады. Олардың тақы­рыптары цифрлық технологиялар – «QR-сod дала» және геосаяси «Ала­қан­дағы аспан». Суретшілер әлемді тазалыққа, ізгілікке, үн­дей­ді. Олардың бәрін өнерге іңкәр еткен мейірім шұғыласы. Көрмеде көрермендер үшін бейне форматтағы қойылымдар да ұсы­нылған. Белгілі өнертанушы Наталья Баженова жетекшілік ететін өнер жәрмеңкесі қыркүйек айының 10-на дейін жалғасады.

 

АЛМАТЫ