• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Тамыз, 2022

Цифрландыру жұмысымен танысты

1474 рет
көрсетілді

Облысқа іссапармен келген Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қызылорда қаласының №3 қалалық емханасына барды. Ведомство басшысы емхананы аралау барысында дәрігерлермен әңгімелесіп, ақпараттық жүйелерде жұмыс істеуде қандай мәселелерге тап болатынын сұрап білді.

Медицина мекемесін аралау барысында министр маммография кабинетіне өтіп, маммографиялық аппараттың PACS жүйесіне қалай қосыл­ға­нымен таныс болды. Аталған жүйе пациенттің ауруының тарихын бірнеше дәрігердің бір жүйеден көруіне және уақытты барынша үнемдеуге көмек береді. PACS жүйесі Қызылорда облысының 13 медициналық ұйымына енгізілген.

Сондай-ақ министр облыс­тық денсаулық сақтау басқар­масы медициналық ұйымдармен тығыз жұмыс істеп, цифрландыру бағытында жұмыстарды күшейту қажеттігін атап өтті.

Бұдан кейін Б.Мусин Қы­зыл­орда қаласының халыққа қыз­мет көрсететін цифрлы кең­сенің жұмысымен танысты. Атал­ған цифрлы кең­седе осы жылдың 6 айында азаматтарға 22 129 мемлекеттік қызмет көр­сетілген.

Ведомство басшысы түстен кейін Қызылор­да қала­­сын­дағы «Достық үйінде» өңір тұр­ғын­да­рымен кез­десіп, олар­дың сұрақтарына жауап береді.