• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Теннис 09 Тамыз, 2022

Юлия Путинцева Торонто турнирінде сәтті өнер көрсетті

167 рет
көрсетілді

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Торонто WTA-1000 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық спортшы алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 299-орында тұрған канадалық Кэтрин Себовпен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда корт иесі 6:3 есебімен басымдылық көрсетті. Бірақ екінші сетте Юлия Путинцева есе қайырды - 6:2. Путинцева үшінші, шешуші партияны брейкпен тәмамдады. Есеп - 7:5.

Екі сағаттан астам уақытқа созылған додада Путинцева 13 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді.

Енді қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 3-ші ракеткасы, испаниялық Паула Бадосамен кездеседі.