• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 09 Тамыз, 2022

Жыл соңына дейін елімізде 322 балабақша ашылады

402 рет
көрсетілді

Бүгін Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов биыл 34 мың орынға арналған 322 балабақша ашылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Білімді ұлт» сапалы білім беру ұлттық жобасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Балабақша, мектеп, колледж және қосымша білім деңгейлері бойынша 12 көрсеткішке қол жеткізу және 20 іс-шара орындау қарастырылған. Былтырғы іс-шаралар 100 пайыз орындалды. 10 көрсеткіштің 9-ына 100 пайыз қол жеткізілді. Осы жылдың алты айы бойынша да жұмыс жоспарға сәйкес жүргізілуде», деді министр өз сөзінде.

Оның айтуынша, былтыр 534 балабақша ашылып, 47 мың орын пайдалануға берілген. Нәтижесінде 2-6 жастағы балаларды қамту 88,4 пайызды, ал 3-6 жастағы балаларды қамту 99 пайызды құрады.

«Өткен жылы республикалық көрсеткішке қол жеткізілді. Алайда, алты облыс өздерінің жоспарларын толық орындамады. Мәселен, былтыр Алматы облысында балабақшаларда 14 мыңнан астам орын, ал Алматы қаласында бес мыңнан астам орын ашылса, ал осы облысқа ұқсас, адам көп шоғырланған Түркістан және Қызылорда облыстарында тек бір мыңға жуық орын ғана пайдалануға берілген. Бұл жеткіліксіз. Басқа облыстардың жоспардан тыс қосымша орын ашуының, мысалы Шымкент қаласының 170 пайызға, Жамбыл облысының 120 пайызға орындауының арқасында республикалық көрсеткішке 100 пайыз қол жеткіздік. Осы жылдың соңына дейін 34 мың орынға арналған 322 балабақшаны ашу жоспарлануда. Алғашқы алты айдың қорытындысында 12 900 орынға 140 балабақша ашылды. Әкімдіктерден осы бағыттағы жұмысты белсенді жүргізуді сұраймын», деді Асхат Аймағамбетов.