• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 09 Тамыз, 2022

Қазақстан Түркиямен барлау әскери ақпаратымен алмасатын болады

344 рет
көрсетілді

ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 5 тамыздағы қаулысымен Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы хаттама бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Хаттамаға сәйкес тараптар ынтымақтастықты келесі салаларда жүзеге асырады:

Барлау әскери ақпаратымен және өзекті тақырыптар бойынша сараптамалық бағалаулармен өзара алмасу;

Тараптар мемлекеттерінің қауіпсіздігіне қатер төндіретін өңірдегі (мемлекеттегі) әскери-саяси жағдайдың даму мониторингі;

Тараптар мемлекеттерінің қауіпсіздігіне қатер төндіретін халықаралық террористік және басқа да ұйымдарға қатысты өзара ақпарат алмасу.

Барлау әскери ақпаратымен алмасу әскери персоналдың кездесулерінде және дипломатиялық арналар арқылы жүзеге асырылады.

Алмасуға жататын кез келген барлау әскери ақпараты жазбаша нысанда жіберіледі деп көзделеді. Ақпаратқа байланысты CD, DVD, фильмдер, фотосуреттер, слайдтар, электрондық құжаттар және т.б. құжатқа қоса беріледі.

Бұл ретте тараптардың бірі мемлекетінің ұлттық егемендігіне және қауіпсіздігіне қатер төнген немесе оның ұлттық/халықаралық мүдделеріне қайшы келген жағдайларда барлау әскери ақпаратын беруден бас тартылуы мүмкін.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.