• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 10 Тамыз, 2022

Twitter Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми аккаунтын бұғаттады

1054 рет
көрсетілді

Twitter 5 тамыздан бастап Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің ағылшын тіліндегі ресми аккаунтын жеті күнге бұғаттады, деп хабарлайды Egemen.kz РФ СІМ баспасөз хатшысы Мария Захароваға сілтеме жасап.

«5 тамызға қараған түні Twitter платформасының әкімшілігі Сыртқы істер министрлігінің ағылшын тіліндегі ресми аккаунтын жеті күнге бұғаттады. Оның себебі - РФ Қарулы Күштері РКБЗ әскерлерінің басшысы генерал-лейтенант Игорь Кирилловтың АҚШ-тың әскери биологиялық қызметі туралы брифингінен үзінділердің жариялануы», деді Захарова өзінің Telegram-каналында. 

Сыртқы істер министрлігінің өкілі мұндай реакцияға «АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) жаңа коронавирустың пайда болуына қатысы болуы мүмкін» деген Қорғаныс министрлігінің дәйексөзі бар жазба себеп болғанын атап өтті. 

Захарова мұндай санкциялардың Ресей Федерациясына алғаш рет қолданылғанын мәлімдеді.