• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Теннис 10 Тамыз, 2022

Михаил Кукушкин Чикаго турнирінің екінші айналымына өтті

882 рет
көрсетілді

Қазақстандық Михаил Кукушкин Чикаго (АҚШ) челленджер турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, М. Кукушкин бастапқы кездесуін америкалық Говинда Нандамен өткізді. Қазақстандық теннисші екі сағаттан астам уақытқа созылған тартысты бәсекеде 3:6, 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

М. Кукушкин ширек финалға шығу үшін хорватиялық Борн Гойомен таласады. Ол әлемнің 102-ші, жарыстың 1-ракеткасы, швейцариялық Хенри Лааксоненді 3:6, 7:6 (7:5), 6:4 есебімен ұтып кетті.

Тағы бір қазақстандық Дмитрий Попко Чикагода америкалық Бен Шелтонға жол берді – 0:6, 6:7 (5:7).

Тимофей Скатов Сан-Марино челленджер жарысында италиялық Александр Вайстан ұтылып қалды – 3:6, 1:6.

Торонто мастерс додасында Юлия Путинцева жұптық сында америкалық София Кенинмен бірге алғашқы айналымда мажарстандық Анна Бондарь – бельгиялық Кимберли Циммерманнан басым түсті – 7:6 (12:10), 7:5.