Майамиден Ыстанбұлға ұшатын Turkish Airlines ұшағы бортта жолаушының қайтыс болуына байланысты Бухарест әуежайына шұғыл қонды, деп хабарлайды Egemen.kz Digi 24 телеарнасына сілтеме жасап.
«Майами - Ыстанбұл рейсін орындаған Turkish Airlines ұшағы жолаушы ауырып, қайтыс болғаннан кейін Бухарестке қонуға мәжбүр болды», деп хабарлайды телеарна.
Ұшақ сағат 14:58-де қонды. Бортқа әуежайдың медициналық бригадасы мен жедел жәрдем бригадасы көтерілді. Науқасқа стандартты реанимациялық процедура қолданылды, бірақ дәрігерлер оған көмектесе алмады.