• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Футбол 10 Тамыз, 2022

Бүгін футболдан UEFA Суперкубогы өтеді

150 рет
көрсетілді

Футболдан UEFA Суперкубогында Испанияның «Реал Мадрид» және Германияның «Айнтрахт» командасы кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ойын 10-нан 11 тамызға қараған күні елорда уақытымен 01.00-де Финляндия астанасы Хельсинки қаласындағы «Олимпийский» стадионында өткізіледі. Кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Былтыр «Реал Мадрид» Ла лигада чемпион атанды. Одан кейін UEFA Чемпиондар лигасы финалында Англияның «Ливерпуль» командасын (1:0) сүріндірді.

Ал «Айнтрахт» бундеслигада небәрі 11-орында тұрақтады. Ал Еуропа лигасы финалында Шотландияның «Рейнджерс» (1:1, 5:4, пенальтиден) командасынан басым түсті.

UEFA Суперкубогының бастау алғанына биыл тура жарты ғасыр толып отыр. Қазірге дейін «Реал Мадрид» аталған турнирде жеті мәрте бақ сынады. Оның 4-інде жеңімпаз атанса, 3-еуінде қарсыласына есе жіберді. Ал «Айнтрахт» аталған турнирге тұңғыш мәрте қатыспақшы.

Соңғы жаңалықтар