• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 10 Тамыз, 2022

Еліміздегі алтын-валюта активтерінің көлемі артты

246 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Алдын ала деректер бойынша шілденің соңында алтын-валюта активтерінің көлемі бір айда 835 млн АҚШ долларына артып, 32,8 млрд АҚШ долларын құрады. Шілдеде екінші деңгейлі банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттарының ұлғаюы есебінен алтын-валюта резервінің валюта бөлігі өскенін байқадық. Бұл АВР өсуінің негізгі факторы болды. Алтын бағасы бұл әсерді ішінара реттеді – бағалы металл 1814-тен 1759 доллар/унцияға дейін 3 пайызға төмендеуіне байланысты «алтын» портфелі төмендеді», деді Әлия Молдабекова.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары бір айда алтынға баға белгілеу 1687 доллар/унция мәніне жеткенін атап өтеді.

«Біз алтынды геосаяси және макроэкономикалық тәуекелдердің шиеленісуінен туындаған жаһандық инвесторлардың тәуекел-сентименті нашарлаған кезде сұранысты айтарлықтай өсіре түсетін қорғаныс активі ретінде қабылдауға үйреніп қалғанбыз. Алайда, қазіргі уақытта алтын әлемдік инфляцияның үдеуі аясында кейбір орталық банктердің ақша-кредит саясатын қатайтуы сияқты бірқатар маңызды фактордың қысымына ұшырады», деді ол.