• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Бизнес 10 Тамыз, 2022

Грант алуға өтінім қабылдау басталды

785 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласы Халықты жұмыспен қамту орталығы маман­дарының хабарлауынша, 2022 жылғы 8 тамыздан бастап 2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлт­тық жобаны іске асыру аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттарды алуға өтінімдер қабылдау бас­талды.

Орталықтың мәліметінше, биыл берілетін гранттар жұ­мыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аз, сол сияқты бір реттік жиынтық тө­лем­ді төлейтін дара кәсіпкер бо­йынша грант алуға өтініш бергенге дейін тіркелген жағдайда халықтың әлеумет­тік осал топтарына беріледі.

«Бұл ретте үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек. Олар, 29 жасқа дейінгі жастар, әлеуметтік аз қамтылған отбасы мүшелері – АӘК алушылар, көпбалалы отбасы – көпбалалы отбасылар бойынша жәрдемақы алушылар, қандастар, қоныс аударушылар, жәрдемақы алатын мүгедек баланы тәрбиелеп отырған тұлғалар, еңбекке қарсы көрсетілімі жоқ мүгедектігі бар адамдар (мүге­дектер), асыраушысынан айы­рылған жағдайда төленетін әлеу­меттік жәрдемақыларды алу­шылар», деді Нұр-Сұлтан қаласы халықты жұмыспен қамту орта­лы­ғының кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бөлімі басшысының м.а. Бақыт Бекенов.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар тиісті қаржы жылының республикалық бюджеті туралы заңда белгіленген 400 АЕК-ке дейінгі мөлшерде (2022 жылға 1 225 200 теңгені құрайды) өтеу­сіз және қайтарымсыз негізде бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлайтын Ұлттық жобаға қатысушыларға бір рет беріледі.

«Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант алу үшін өтініш беруші «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпарат­тық порталының ішкі жү­йесі болып саналатын business.enbek – ­кәсіп­ке­р­лік бастама­ларды қолдау порталында өті­нім береді. Грант алу­дың міндетті шарттары «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуды аяқтау туралы сертификаттың болуы 3 (үш) жыл ішінде серти­фи­кат­ты алған күннен бас­тап есеп­­теледі, үміткердің портал­да бел­гіленген талаптарға сәйкес­тігі­не нәтижелердің болуы, комис­сия­ның оң шешімінің болуы. Грант алу үшін өтінімдер бірнеше лек бойынша жүргізіледі. Бірінші лек (2022 жылғы 1-14 сәуір), екінші лек (2022 жылғы 8-19 тамыз), үшінші лек (2022 жылғы 29 тамыз – 9 қыркүйек), төртінші лек (2022 жылғы 19-30 қыркүйек) пор­тал арқылы «Business.enbek.kz» онлайн режімінде жүзеге асырылады», деді Б.Бекенов.