• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Теннис 11 Тамыз, 2022

Юлия Путинцева әлемнің үшінші ракеткасын жеңді

297 рет
көрсетілді

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Торонто WTA-1000 турнирінің үшінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Юлия Путинцева екінші айналымда әлемнің 3-ші ракеткасы, испаниялық Паула Бадосамен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші 7:5 есебімен басымдылық көрсетті. Екінші сетте де қазақстандық теннисші сәтті өнер көрсетті.

1 сағат 27 минутқа созылған кездесуде Путинцева 2 эйс жасап, 13 брейк-пойнттың екеуін пайдалана білді.

Енді Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің 37-ші ракеткасы, америкалық Элисон Рискемен таласады.