4 тамызда «Қарасора-2022» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында Шу стансасындағы теміржолдың тұйықталған басында 49 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды. Тексеру барысында одан өзіндік иісі бар жасыл түсті зат салынған қап табылып, тәркілеп алынды.
Ұсталған азаматтың үйінің ауласынан да өзіндік иісі бар өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл «кептірілген марихуана» болып шықты, жалпы салмағы 45 келі 340 гр.
Ұсталған азамат бұған дейін осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазір ол Шу аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ведомствоның мәліметінше, осы жылдың 1 маусымынан бастап «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында көлік полициясы қызметкерлері 60 есірткі қылмысын анықтады. 60 келіден астам есірткі заттары заңсыз айналымнан тәркіленді.