Жүлде қоры 2,5 миллион доллардан асатын Торонтода (Канада) теннистен WTA 1000 турнирінде қазақстандық Елена Рыбакина 2-раундтық кездесуде америкалық Коко Гауффтан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Кездесу 4:6, 7:6, 6:7 есебімен Гауффтың пайдасына аяқталды.
Келесі айналымда Гауфф А.Соболенко (Беларусь) – С.Соррибес-Тормо (Испания) кездесуіндегі жеңімпазбен шеберлік сынасады.