• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Тамыз, 2022

Қазақстанда жылқы еті қымбаттады

472 рет
көрсетілді

Energyprom сарапшылары биылғы жартыжылдықта шаруашылықтарда сойылған және союға өткізілген жылқы етінің көлемі 125 мың тоннаға жетті деген дерек келтірді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2 пайызға көп, деп жазады Egemen.kz.

Жарты жыл ішінде Түркістан облысында жылқы еті ең көп сойылған. Бұл өңірде сойылған малдың таза етінің салмағы 7,5 мың тоннаны құраған. Көшбасшылар үштігіне Абай (сойылғаннан кейінгі ет салмағы - 7,1 мың тонна) және Ақтөбе (сойылғаннан кейінгі ет салмағы - 5,5 мың тонна) облыстары да кірді.

1 шілдедегі ақпарат бойынша елімізде 4,1 млн бас жылқы бар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,6 пайызға көп. Аталған мал басы Түркістан, Қарағанды және Абай облыстарында да көп.

Шілде айында елдің базарлары мен дүкендерінде жылқы етінің 1 келісі 2 900 теңгеден саудаланды. Өткен жылы мұндай еттің бағасы 16,5 пайызға төмен болған еді.

Солтүстік Қазақстан облысы баға шарықтаған аймақтар көшін бастап келеді. Мұнда жылқы етінің бағасы бірден 28,8 пайызға өскен. Ақтөбе облысы мен Шымкент қаласында да баға едәуір көтерілген. Ең төменгі жылдық өсім Қызылорда облысында тіркелді. Онда жылқы еті 4,5 пайызға қымбаттаған.