• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Тамыз, 2022

Хаменова өз кінәсін мойындаған жоқ

236 рет
көрсетілді

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова сот алдында өз кінәсін мойындаудан бас тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бақытгүл Хаменоваға қатысты іс Атыраудағы №2 қалалық сотта қаралып жатыр.

Сотта Бақытгүл Хаменова өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлім етті.

Бақытгүл Хаменова мен Ақылбек Рысқалиевтың ісі ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен тергелген. Ал, «Балқыту» ЖШС директоры Өміртай Адамов ҚР Қылмыстық кодекстің 367-бабының 2-бөлігімен тергеуге алынған еді.

Айта кетсек, Хаменованың ісіне қатысты айыптау актісі 55 бетті құраған.