• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 11 Тамыз, 2022

Ертең еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

345 рет
көрсетілді

Синоптиктер 2022 жылдың 12 тамызына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, найзағай, екпінді жел, бұршақ, оңтүстікте дауыл соғады. Еліміздің батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында. 

Павлодар облысының оңтүстігінде, күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз Абай облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады.

Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысында, Ақтөбе облысында қатты ыстық күтіледі.

«Қызылорда облысының басым бөлігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының Бесқарағай ауданында төтенше өрт қаупі күтіледі», деді синоптиктер.