• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Коронавирус 12 Тамыз, 2022

Қытайдың Иу қаласында үш күндік карантин енгізілді

453 рет
көрсетілді

Қытайдың Иу қаласында коронавирусқа қарсы шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жергілікті биліктің мәліметінше, 11 тамыздан бастап Иу қаласының барлық тұрғындары үшін үш күндік үй карантині енгізілген. Өнеркәсіптік өндіріс жабық цикл жағдайында жалғасуы мүмкін, бұл кәсіпорындардың жұмысшыларынан жұмыс орнында қалуын талап етеді.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Иу өнімдері 210-нан астам ел мен аймаққа экспортталады. Қазақстанға да осы «базар қаладан» халық тұтынатын тауарлар көптеп келеді. Пандемияға дейін жыл сайын Иу қаласына 500 мыңнан астам шетелдік бизнесмен тауар сатып алу үшін келетін.