Қазақстандық таэквондошы Жансель Дениз Түркияда өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарының қола медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.
Ол 73 килодан жоғары салмақ дәрежесінде үшінші болды. Бірінші орынды Узунчавдар Суде (Түркия) иеленді. Екіншісін Ливаннан келген Селман Вард алды. Иорданиялық Рама Або-Алруб Жансель Денизбен тұғырдың үшінші сатысын бөлісті.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 54 килоға дейінгі салмақта Жасұрбек Клычов қоланы медаль жеңіп алған болатын.