Бүгін футболдан Қазақстан кубогының топтық кезеңінің алтыншы туры басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алтыншы тур ойындары 13 және 14 тамыз күндеріне белгіленген.
Бүгін А тобында 21:00-де «Қайрат» (Алматы) және «Атырау» командалары кездессе, «Ақсу» (Павлодар облысы) және «Ордабасы» (Шымкент) шеберлік байқасады.
Сондай-ақ, В тобында 19:00-де «Каспий» (Ақтау) мен «Ақжайық» (Орал), С тобында «Мақтарал» (Түркістан облысы) мен «Тараз» командалары жасыл алаңға шығады.
Ал 14 тамызда 18:00-де D тобында «Жетісу» (Талдықорған) мен «Тұран» (Түркістан), 19:00-де «Шахтер» (Қарағанды) мен «Астана» (Нұр-Сұлтан), 21:00-де С тобында «Ақтөбе» мен «Тобыл» (Қостанай), В тобында «Қайсар» (Қызылорда) мен «Қызылжар» (Петропавл) ойындары басталады.