АСТАНА. 7 мамыр. Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне пәтер кілтін тапсырды. Енді олар Жеңіс күнін жаңа пәтерде тойлайтын болды. Бұл туралы astana.gov.kz хабарлады.
Иманғали Тасмағамбетов өзінің қабылдауына келген ардагерлерді Отан қорғаушылар және Жеңіс күнімен құттықтай келе: «Бұл ең алдымен елдік пен ерліктің жеңісі деп есептеймін. Елбасының салиқалы саясатының арқасында ардагерлерге жасалынып жатқан қамқорлық өте зор. Соның бір ғана көрсеткішін айтар болсақ, осы Астанада ардагерлер толықтай пәтермен қамтамасыз етілген», – деді.
Қала бойынша, жыл басынан бері 26 ардагер баспанасын жөндеуден өткізу қажет екенін айтып, өтініш түсірген. Қазіргі таңда бұлардың жетеуінің талап-тілегі қанағаттандырылған.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: astana.gov.kz.
Фото: astana-akshamy.kz.