• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Абай 14 Тамыз, 2022

Абай күні аталып өтті

496 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда Абай Құнанбайұлының 177 жылдығына арналған көрме ашылды. Қала тұрғындары ақынның поэтикалық және философиялық мұрасын, абайтанушы ғалымдардың еңбектерін және ұлы ойшылдың шығармаларының аудармаларын оқып шықты.

Көрмеге ақынның 50-ден астам кітабы қойылды.

«Абайдың әдеби еңбектері ылғи да дүкен мен кітапхана сөрелерінің төрінде орналасады. Ақынның шығармалары Қазақстаннан тыс жерлерде де танымал. Бұл жерден құнды кітаптарды табуға болады. Арасында Анатолий Ким аударған ақынның «Қа­ра сөздері», Мұхтар Әуе­зов­тің «Абай жолы» романы, Тей­мур Атаевтың «Абай­дың ұлы­лығы немесе XXI ғасыр­да­ғы ойшылдың портретін жа­­сауға талпыныс», Құлмат Өмір­әлиевтің «Абай афоризмі», Дүкенбай Досжанның «Абай­дың рухы» секілді кітаптар бар. Оқырмандар осы және өзге де кітаптарды кітапхана залында отырып оқуға немесе өзімен бірге үйіне алып кетуіне болады. Біздің кітапханашылар күн сайын әлеуметтік желілерде пост жазып, жаңа басылымдар туралы хабардар етеді», деді кітапханашы Анар Әкімбекова.

Сондай-ақ оқушылар көрме­де өлең оқып, ән шырқады, ал жұртшылық Абайдың шығар­машылық жолының басты кезеңдері туралы білімін арттырды.

«Мен «Сегізаяқ» өлеңін оқы­­дым, онда автор адамның бойындағы жаман қасиеттерді әшкерелейді. Абайдың шығар­машылығын зерттеуден ләззат аламын. Онда адамның өзін-өзі дамыту туралы терең ойлар қамтылған. Және де ақын­ның философиялық шығар­маларында алға ұмтылу, Отан­ға деген сүйіспеншілік дәріп­теледі», деді мектеп оқушысы Айғаным Сатан.

Сонымен қатар ақынның 177 жылдығына орай елордада зиялы қауым өкілдері Абай ескерткішіне гүл шоқ­тарын қойды. Салтанатты жиын­ға мемлекет және қоғам қай­раткерлері, зиялы қауым, қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері, ғалымдар, мәсли­хат депутаттары, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен қатысты.

«Абайдың сөзі – мың­жыл­дықтардың еншісі. Сондық­тан «Жаңа Қазақстанды» өр­кендету үшін Абайдың дана­­лық ғибраттарын ісіміз­де, қаре­ке­­тімізде, ойымызда қол­дан­уы-­ мыз керек. Бастысы, Абай­дың ғибраттарын, ке­меңгерлік кеңестерін өмі­рі­мізде лайық­ты пайдалануымыз қажет. Сол кезде ғана біз рухани жетіле­міз және «Жаңа Қазақстанды» ­дамытамыз. Абай – адамзат­тың сөзін сөйлеген адам. Ол адамзат ойшылдарының қата­рын­да тұр­ған адам. Ол – Пуш­кин мен Лермонтовты сөйлет­кен адам. Абайдың жолы – «Жаңа Қазақ­станның» жар­қын жолы деп есептеуіміз ке­рек», деді ғалым Серік Негимов.

Жиналған қауым ұлт перзен­тіне тағзым жасап, гүл шоқ­тарын қойды.

«Жыл сайын 10 тамыз күні дәстүр бойынша Абайдың ес­керткішіне гүл шоғын қою рәсімі болады. Кейін елордада ауқымды іс-шаралар бас­талады. Мәселен, мектептер мен ЖОО-ларда танымдық іс-шаралар өткізіледі. Сонымен қатар биылдан бастап ірі-ірі ­сауда орталықтарында Абай­дың өлеңдері мен қарасөздері­нің аудио нұсқасы жарияла­­нып тұрады. Бұл күнделікті 15-20 рет шығып тұрады», деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Тіл­­­­дерді дамыту және архив ісі бас­­­қармасының басшысы Сәкен Есіркеп.

Айта кетейік, елімізде 2020 жылы Үкімет қаулысымен 10 тамыз – Абай күні деп белгіленген болатын.