• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
07 Мамыр, 2014

«Егемен» тілшісінің араласуымен Қажымұқанға ескерткіш ашылатын болды

484 рет
көрсетілді

АСТАНА. 7 мамыр. «Егемен Қазақстан» газетінің Павлодар облысындағы меншікті тілшісі Фарида Бықайдың тікелей араласуы арқасында өңірдің Ертіс ауданы орталығына бұдан шамалы уақыт бұрын орнатылған танктің орнына күш атасы – Қажымұқанның немесе еліміз тәуелсіздігінің нышаны – Байтеректің ескерткіші қойылатын болды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Мәселенің мәнісі мынада. Газетіміздің үстіміздегі жылғы 24 қаңтардағы №16 нөмірінде Фарида Бықайдың «Тұрғындар аң-таң ... » деген заметкасы жарияланды. Онда автор Ертіс аудандық әкімдігінің алдында тұрған Ленин ескерткіші алынып, оның орынына танк қойылғанын ашына жазған болатын. Тілші«сұп-сұр сұсты темірді емес, рәміздеріміздің құрметтейтін» уақыттың жеткенін ашып айтып еді. Арада бірқатар уақыт өткеннен кейін облыс әкімінің баспасөз қызметі тілшіге хабарласып, оның жоғарыда аталған мақаласында көтерілген жайттарға байланысты атқарылған жұмыстардың жайын хабарлапты. «Өткен жылы аудан орталығы - Ертіс ауылының орталық алаңы мен аллеясын жаңғырту бойынша жобалық-құжаттамалар әзірленді, - делінген онда. -  Ауданның орталық алаңы мен аллеясын жаңғырту бойынша арнайы жиналыс өтті. Бұл жиналысқа жергілікті атқарушы билік өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары,  ауданның құрметті азаматтары, зейнеткерлер қатысты. Жиналыста «Ленин ескерткішін басқа жерге көшіру туралы» шешім қабылданды. Қазір таңда Ленин ескерткішінің орнына БМП (танк) ескерткіші орнатылған. Бұл танк ескерткіші аудандық әкімдіктің алдында уақытша қойылды. Қазіргі таңда БМП-ның орнына Қажымұқан немесе Бәйтерек ескерткішін орнату бойынша қаржыландыру мәселесі шешіліп жатыр». «Құрметті Фарида Шаймарданқызы! Сіз көтерген тақырып және оған қатысты айтылған сын өте объективті әрі орынды деп білеміз. Алдағы уақытта Сізбен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасаймыз деп сенеміз», - деп жазады Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі. Мұрат Айтқожа. Дереккөз: egemen.kz. Фото: photoua.narod.ru.