• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
07 Мамыр, 2014

Астанада Отан қорғаушылар күніне орай әскери шеру өтті

513 рет
көрсетілді

АСТАНА. 7 мамыр. Елордадағы «Қазақ елі» алаңында Президент, Бас Қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен әскери шеру мемлекетіміздің абыройын көтеріп, даңқын асырды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Әскери шеруге Төтенше жағдайлар жөніндегі, Ішкі істер, Қорғаныс министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Мемлекеттік күзет қызметінің парадтық есеп топтары және әскери техника мен әуе күштері жоғары дайындықпен келді. Салтанатты шеруге еліміздің Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Мұрат Майкеев басшылық жасады. Бұл айтулы шарада 2500-ден астам әскери қызметші «Қазақ елі» алаңында сап түзеді. Ал механикаландырылған лекте 200-ден аса әскери техника болды. Әуедегі шеру де өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Алаң үстінде 70-тен астам әуе техникасы самғады. Шеруге барлық әскери бөлімдер мен гарнизондардың өкілдері тартылды. Шараға қатыстырылған техникалардың бір бөлігі отандық қорғаныс кәсіпорындарында жасалғанын немесе қайта жаңғыртылып, жетілдіруден өткенін айта кетейік. Жолдыбай Базар. Дереккөз: egemen.kz. Фото: ortcom.kz.