• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
07 Мамыр, 2014

Бес ядролық держава Қазақстан қауіпсіздігіне кепілдеме берді

832 рет
көрсетілді

АСТАНА. 7 мамыр. Кеше ядролық держава – Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Франция  және Қытай 2009 жылы қабылданған ядросыз аймақ құру жөніндегі келісімге сәйкес Орталық Азия мемлекеттеріне (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан) қауіпсіздікті қамтамасыз ету хаттамасына қол қойды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады. Енді ядросыз аймақ құру үшін тек осы қосымша хаттаманы ратификациялау ғана қалды. Келісімге қол қоюшылар өз елдерінің территорияларына ядролық қару мен оның құрамдас бөліктерін немесе басқа да ядролық жарылғыш құрылғыларды жасауға, сатып алу және орналастыруға тыйым салуды мойындарына алды. Осымен бірге, келісім әлемдік ядролық энергетиканы дамытуға тыйым сала алмайды. Мұндай хаттама тарихта бірінші рет барлық ядролы державалар өкілдерінің бір мезгілде қол қоюы арқылы дүниеге келіп отыр. «Бұл әлем тәжірибесіндегі бірінші оқиға», - деп атап өтті осыған орай Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі Виталий Чуркин. Мұрат Айтқожа. Дереккөз: ИТАР-ТАСС. Фото: ИТАР-ТАСС.