• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Тамыз, 2022

ШҚО-да жоғалған бала көпір маңындағы шұңқырдан табылды

210 рет
көрсетілді

Өскеменде із-түзсіз жоғалып кеткен бала табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Іздестіру шаралары барысында 12 жастағы бала ТМК көпірінің маңындағы шұңқырдан табылды. Қазір оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Содан кейін ол ата-анасымен жүздеседі», деді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетсек, аутизмге шалдыққан Темірлан Ахмеджанов 14 тамызда түнгі сағат 02:30 шамасында үйден белгісіз бағытта шығып, қайта оралмады. Оны іздеуге полиция қызметкерлері, құтқарушылар, кинологтар, ҚР Ұлттық ұланы сарбаздары мен волонтерлер жұмылдырылған еді.