• RUB:
    5.05
  • USD:
    494.95
  • EUR:
    525.49
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Тамыз, 2022

Алматыда 200 млн теңге ұрлаған шенеунік сотталды

237 рет
көрсетілді

Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы көлік прокуратурасының үйлестіруімен «Вагонсервис» АҚ Алматы филиалының басшысын ұстады, деп хабарлайды, Egemen.kz.

«Тергеу барысында ұйым басшысы жабдықтау бөлімінің бастығымен алдын ала сөз байласып, бірқатар кәсіпкерлерді алдап, «Вагонсервис» АҚ-ға тиесілі есептен шығарылған вагондарды жеткізгені үшін үлкен сома алғандығы анықталды», делінген ведомство хабарламасында.

Келтірілген зиянның жалпы сомасы 200 млн теңгеден асты.

Сот компания басшысын екі айға қамауға алу туралы шешім қабылдады.