• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тағайындау 15 Тамыз, 2022

Ерлан Қиясов жаңа қызметке тағайындалды

458 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары – Қазақстанның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қызметін атқарған Ерлан Қиясов жаңа лауазымға тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ерлан Қиясов Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ұлттық сараптама орталығының Басқарма төрағасы болды. Бұл туралы ведомство сайтында хабарланды.

Ерлан Қиясов 1973 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. ҚазММУ, Орталық Азия университетін, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Тұран-Астана»университетін бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Алматы қаласындағы «Жедел жәрдем ауруханасының» жансақтау бөлімінде санитар болып бастады.

1997-1999 жылдары Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Әуе көлігі орталық санитариялық-эпидемиологиялық станциясының санитар дәрігері, эпидемиологы болып еңбек етті.

1999 жылдан 2020 жылға дейін ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының құрылымында – санитариялық-эпидемиологиялық станциясының жалпы гигиена бойынша дәрігері, жедел бөлім меңгерушісі, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі, «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК директоры, ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы меңгерушісінің орынбасары болды.

2020-2022 жылдары ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болған.