• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Әлем 16 Тамыз, 2022

Армениядағы жарылыстан қаза тапқандар саны 11-ге жетті

169 рет
көрсетілді

14 тамызда Арменияда сауда орталығының пиротехника қоймасында қатты жарылыс болды. Өрт шығып, ғимараттың бір бөлігі құлады. Қирандылар 8-9 мың шаршы метр аумақты алып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еревандағы «Сурмалу» сауда отралығында болған жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 11-ге жетті.

Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында 11 адамның денесі табылды, олардың алтауы анықталды, бесеуі әлі анықталған жоқ.

Ереванның медициналық мекемелеріне 60 зардап шегуші жүгінді, олардың 12-сі ем алып жатса, 48-і тиісті көмек алып, үйлеріне қайтарылды.

Бүгінде 18 адам хабар-ошарсыз кеткені анықталды. Армения ТЖМ баспасөз хатшысы Айка Костанянның айтуынша, олардың арасында бір Ресей азаматы мен бір Иран азаматы бар.

15 тамызда жергілікті жұмыстарға 185 құтқарушы, 20 су тасығыш, Ереван мэриясының қосымша 7 техникасы жұмылдырылды.