• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 16 Тамыз, 2022

Қазақстандық спортшылар Ислам ойындарында тағы 2 жүлде алды

322 рет
көрсетілді

Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қазақстандық екі спортшы жүлделі орыннан көрінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ел құрамасынан ауыр атлет Артем Антропов 102 келі салмақта екінші орын алды. Ал дзюдошы Қанат Сейілхан (60 келі) қола жүлдегер атанды.

Еске салсақ, 15 тамызда ел құрамасынан Әділбек Мусин 100 метр қашықтыққа баттерфляй әдісімен жүзуде үздік нәтижеге қол жеткізді. Көрсеткіші - 53,20 секунд.

Ал София Әбубәкірова 50 метр қашықтыққа баттерфляй әдісімен жүзуде 27,17 секунд көрсеткішпен мәреге қарсыластарынан озып келді.

Ислам ынтымақтастығы ойындары 2005 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Биыл бесінші мәрте жалауын желбіретті.

Биылғы додаға 55 елден спортшылар келді. Ойындар 8 тамызда басталған, 18 тамызда аяқталады.