• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қаржы 16 Тамыз, 2022

Қазақстандықтар жарты жылда 44,4 трлн теңгеге онлайн төлем жасаған

190 рет
көрсетілді

Биылғы 6 айда халықтың қолма-қол ақшасыз операциялары 44,4 трлн теңгеге жетіп, 48%-ға өсті. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Биылғы 6 айда халықтың қолма-қол ақшасыз операциялары 44,4 трлн теңгеге дейін немесе 48%-ке өсті. Онлайн төлемдердің үлесі 83%-тен асты. Цифрлық қаржы инфрақұрылымын құру және цифрлық қаржылық сервистер экожүйесін одан әрі дамыту мақсатында биылғы шілдеде Open API және Open Banking-ті дамыту жөніндегі баяндама жарияланды. Оған қоса, «Цифрлық теңге» жобасы бойынша шаралар жүргізіліп жатыр», деді Ақылжан Баймағамбетов Үкімет отырысында.

Шілде айының қорытындысы бойынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері 13,7 трлн теңге болып, жыл басынан бері 609 млрд теңгеге немесе 4,7%-ке ұлғайды.

«Инвестициялық кіріс көлемі жыл басынан бері 519,5 млрд теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі соңғы 12 айда 8,2% көрсетіп, зейнетақы активтерінің жинақталған кірісі 5 жылда жинақталған инфляциядан 7,3 пайыздық тармаққа асып түсті», деді ол.