Ер адам екі жиенін ертіп, Ертіске балық аулауға барған. Бір кезде ұлдардың бірі суға бата бастағанын байқаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Белгілі болғандай, ер азамат балалармен бірге Ертістің Шығыс кентіндегі Семипалатинка деген бөлігін кешіп өтуді көздеген. «Бұл аумақта өзен суы таяз болғанымен балалардың бірі абайсызда ойпатқа түсіп, оны ағынмен негізгі арнаға тартып әкете бастаған», деп хабарлады Семей қалалық ТЖБ.
Ер адам осы сәтте көмекке асығып, баланы таяз суға итеріп үлгереді. Алайда бұл кезде екінші бала да терең суға бата бастайды. Оны құтқаруға ұмтылғанда өкінішке қарай көп мөлшерде су жұтып жағаға шыға алмай қалады. Абырой болғанда, 2008 жылғы бала өзеннен өз күшімен шығып, жаны аман қалған.
Балалар ер адамды судан шығарып, алғашқы шұғыл көмекті көрсетуге тырысқан. Осы кезде жақын маңнан жергілікті тұрғындар да келіп, жедел жәрдем мен құтқарушыларды шақырғанымен ер азамат қайтыс болып кеткен.