• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Тамыз, 2022

Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы болуы мүмкін

766 рет
көрсетілді

Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Қазақстан электр энергиясының тапшылығына тап болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Тұтыну серпіні бойынша біз 1-1,5 млрд кВтсағ дейінгі көлемде электр энергиясының тапшылығын болжай аламыз, бұл орташа алғанда 300 МВт құрауы мүмкін», деді Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов.

Оның айтуынша, бұған дейін Қазақстан Қырғызстандағы Тоқтоғұл су қоймасынан елдің оңтүстік өңірлеріне су жеткізу бойынша келіссөздер жүргізген болатын, өз кезегінде қазақстандық тарап жылыту маусымы барысында Қырғызстанға электр энергиясын жеткізеді.

«Егер Қырғызстанға жеткізу жалғасатын болса, онда бұл электр энергиясын 1-1, 5 млрд кВтс көлемінде ауыстыру қажет болады. Барлығы біздің қазақстандық станциялардың қысқы кезеңдегі техникалық жай-күйіне байланысты», деді ол.

Ол тұтынушыларды қандай да бір жолмен қамтамасыз ету бейінді министрліктің, жүйелік оператордың міндеті екенін және барлық тұтынушылар электр энергиясымен толық көлемде қамтамасыз етілетінін айтты.

«Егер бізде тапшы көлемдер болжанатын болса, онда электр энергиясын Қазақстанға жеткізу мүмкіндігі бар елдерден (бұл Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан) жүзеге асырылады», деп қосты Жандос Нұрмағанбетов.