• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Тамыз, 2022

Арнайы ХҚКО қызметкерінің ұсталуына қатысты түсініктеме берді

752 рет
көрсетілді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің ұсталуына қатысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мемлекеттік корпорация сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жою саясатын ұстанады. Мемлекеттік корпорацияның Ішкі қауіпсіздік басқармасы тұрақты негізде ішкі аудит нәтижелері бойынша қызметкерлер тарапынан заңсыз әрекеттерді анықтайды. Жиналған барлық материалды Ішкі қауіпсіздік департаменті одан әрі тергеу үшін құқық қорғау органдарына тапсырады», деп хабарлады аталған корпорациядан.

Мемлекеттік корпорацияның қоғаммен байланыс жөніндегі басқарушы директоры Нариман Дүсекеевтің атап өтуінше, 2022 жылдың 6 айында департамент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен мүдделі құқық қорғау органдарына көлік құралдарын қайта тіркеуге және жүргізуші куәліктерін беруге қатысты заң бұзушылықтар туралы 33 хат жолдаған.

«Ұсталған қызметкерге келсек, оның әрекетіне уәкілетті органдар құқықтық баға береді», деді Нариман Дүйсекеев.