• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
08 Мамыр, 2014

Киев Халықаралық валюта қорынан 3 млрд. доллар алады

264 рет
көрсетілді

АСТАНА. 8 мамыр. Киев Халықаралық валюта қоры кредитінің бірінші траншын алды. Бұл туралы Украина Ұлттық банкінің баспасөз қызметінің дерегіне сілтеме жасаған РИА «Новости» хабарлады. «Иә, біз қаржы алғанымызды мойындаймыз», - деді ондағылар. Бірақ алынған қаржының сомасын көрсетуден бас тартты. УНИАН агенттігінің мәліметі бойынша, кеше $3,19 миллиард көлеміндегі қаржы келіп түскен. Ал екінші және үшінші транштардың көлемдері инспекцияның қорытындысы бойынша беріледі. Ол әрбір екі ай сайын бір рет жүргізіліп тұрады. Сонымен бірге Украина Халықаралық валюта қорына тоқсан сайын есеп беріп тұрмайды. Еске сала кетейік, Киев аталмыш қормен наурыз айының соңына дейін кредит бөлу жөнінде келісім жасасқан болатын. Өткен аптада республика Қаржы министрлігінің басшысы Александр Шлапак Киевтің $16,8 миллиард шамасында ақша алуға ниетті болып отырғанын жариялаған еді. Қордағылар бөлінген қаржының «макроэкономикалық тұрақтылықты қалпына келтіруге, экономиканы басқаруды нығайтуға, сондай-ақ жұрттың мейлінше нашар тұратын бөлігін қорғай отырып, салауатты, мығым экономикалық өсімді қамтамасыз етуге жұмсалатынын» айтты. Сәкен Майлыбай. Дереккөз: РИА «Новости». Фото: Robert Harding/World Imagery/globallookpress.