Бұл туралы Өзбекстанның Көлік және туризм объектілеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету департаменті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, 15 шілдеде бес жолаушы қоғамдық тәртіп ережелерін елемей, төбелес шығарған. Салдарынан бір-бірін жарақаттаған. Жоғарыда аталған факті бойынша бес азаматқа қатысты Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 277-бабы (бұзақылық) бойынша іс қозғалды.