• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 17 Тамыз, 2022

Емханаларда көрсетілетін консультация-диагностика қызметтерінің саны артты

315 рет
көрсетілді

Емханаларда көрсетілетін медициналық көмектің көлемі жыл сайын өсіп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының хабарлауынша, 2022 жылы медициналық көмекті сатып алу жоспарында амбулаториялық-емханалық жағдайдағы консультациялық-диагностикалық қызметтерге қаржыландыруды бір жарым есе ұлғайту көзделген. Дәлірек айтсақ, былтырғы 186 млрд теңгеден 283 млрд теңгеге дейін көбейту қарастырылған.  Осы жылдың 4 айында 97 млрд теңгеге салалық мамандардың 54,6 млн консультациясы мен диагностикалық зерттеулері көрсетілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есе көп. 

МӘМС жүйесін енгізу медициналық көмекті қаржыландыру көлемін 2 есе арттыруға мүмкіндік бергені мәлім. Биыл ТМККК және МӘМС пакеттерін қамтамасыз етуге 2 трлн теңгеден астам қаржы бағытталды. Оның ішінде 852 млрд теңге МӘМС-ке тиесілі. Бұл ретте 2022 жылы медициналық көмекті сатып алу жоспарында амбулаториялық-емханалық жағдайдағы консультациялық-диагностикалық қызметтерге қаржыландыруды былтырғы 186 млрд теңгеден 283 млрд теңгеге дейін ұлғайту көзделген. Қаржыландырудың өсуі бір жарым есені құрады. 

4 айда 97 млрд теңгеге салалық мамандардың 54,6 млн консультациясы мен диагностикалық зерттеулер көрсетілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есе көп. Оның ішінде қымбат тексерулер (КТ, МРТ, ПЭТ) бойынша 510 мыңнан астам қызмет көрсетілді. 

«Пациенттердің консультациялық-диагностикалық қызметтерді алу кезіндегі өзекті мәселе – салалық мамандардың қабылдауын күту, диагностика мен талдауға жіберу ұзақтығы. Жоспарлы медициналық көмек пациенттің өміріне қауіп төндірмейтін аурулар мен жағдайлар кезінде көрсетілетініне және сәл кейінге қалдыру пациенттің жай-күйінің нашарлауына әкеп соқпайтынына қарамастан, пациент консультациялық немесе диагностикалық қызметті 10 күннен артық күтпеуі тиіс. Бұл мониторинг ережелерімен бекітілген. Медициналық ұйым тиісті қызметтерді көрсету үшін Қормен шартқа отырады. Соған сәйкес, олар қызметтерді толық көлемде ұсынуға міндеттеме алады және қолжетімділік пен сапа үшін жауап береді», деп атап өтті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Медициналық көмектің сапасын бағалау департаментінің директоры Ләззат Шоманова. 

Ал егер медициналық ұйымның тіркелген пациенттерге уақытылы қызмет көрсету мүмкіндігі болмаса, ол қордың басқа да мекемелерін бірлесіп орындаушы ретінде тартуға міндетті. Қазір базада 2000-нан астам әлеуетті орындаушы бар. 

Қаржыландыру айтарлықтай өскендіктен жүйедегі жаңа медициналық қызмет көрсетушілердің саны артуда. Қормен шарт жасасқан 1 426 медициналық ұйымның 744-і (52%) – жеке меншік клиника. Медициналық ұйымдардың толық тізімімен қордың fms.kz ресми сайтында «Пациент үшін» – «Клиниканы таңдау», «Медициналық қызметтерді сатып алу» – «Консультациялық-диагностикалық қызметтерін көрсететін медициналық ұйымдар» бөлімдерінде танысуға болады.