Еркін күрестен команда өкілі Мерей Базарбаев Софияда (Болгария) өткен U20 әлем чемпионатында екінші орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.
57 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалда ол америкалық Йорке Рассел Волкпен кездесті. Тартысты бәсекеде отандасымыз қарсыласына 3:2 есебімен жол берді.
Айта кетейік, 74 килоға дейінгі салмақта Ілияс Ерболатов жұбаныш кезеңіне қатысады. Қола медаль үшін күресте ол Георгий Каруды (Молдова) жеңуі тиіс.