• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 17 Тамыз, 2022

Әйелін ұрып өлтірген ер адам 17 жылға сотталды

423 рет
көрсетілді

Балаларының көзінше әйелін ұрып өлтірген азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Сот ер адамға 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға 28 сәуірде Түркістан облысында болған.

«М. есімді азамат үйінде ішімдік ішіп, ашу үстінде жұбайын балаларының көзінше ұрған. Жәбірленуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған. Жаза тағайындау кезінде сот қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, сотталушының жеке басын, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды назарға алды», деді Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қасым Қалмағамбетов.

Айыпталушы жазасын қауіпсіздігі ең жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.