«QazTrade» АҚ хабарлауынша, Қазақстанның тауар айналымы 2022 жылдың қаңтар-маусымында $63,7 млрд теңге болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39,3%-ға жоғары ($45,7 млрд), деп хабарлайды Egemen.kz.
2022 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстаннан экспорт 56,3%-ға өсіп, табыс $42,2 млрд-қа жетті.
Экспорттың өсуі мынадай тауарларды жеткізудің ұлғаюымен негізделеді: шикі мұнай (84,7% - ға), уран (2,2 есеге), ферроқорытпалар (57%-ға), сублимацияланған, тұндырылған немесе коллоидты күкірттен басқа күкірт (3,2 есеге), бидай (54,1%-ға), мыс және катодтар мыс (16,5%-ға), тас көмір (өсуі 2,1 есе).
2022 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстанға импорт 14,6% - ға өсіп, кіріс $21,4 млрд болды.
Импорттың өсуі автомобильдерге арналған шанақтар (2,5 есе), бөлшек сауда үшін өлшеніп салынған дәрілік заттар (36,9%-ға), қара металдардан жасалған өзге де бұйымдар (2,2 есе), мыс кендері мен концентраттары (5,3 есе), Іштен жану қозғалтқыштары сияқты тауарларды әкелудің ұлғаюымен негізделеді.
Қазақстанның шикізаттық емес тауарларының тауар айналымы 2022 жылғы қаңтар-маусымда $31,6 млрд-қа жетті. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 20,6%-ға жоғары ($26,2 млрд). 2022 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстаннан шикізаттық емес тауарлардың экспорты 33,5%-ға өсті. Ал 2022 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстанға шикізаттық емес тауарлардың импорты 13,9%-ға көбейген.
Негізгі сауда серіктестері (млн. АҚШ доллары):
№
Елдер
СА
Экспорт
Импорт
Үлес
ТА
Экспорт
Импорт
Жалпы қорытынды
63 708,2
42 248,5
21 459,7
100,0%
100,0%
100,0%
1
Ресей
11 643,8
3 387,8
8 255,9
18,3%
8,0%
38,5%
2
Қытай
11 257,2
6 630,1
4 627,1
17,7%
15,7%
21,6%
3
Италия
7 976,7
7 550,9
425,8
12,5%
17,9%
2,0%
4
Түркия
3 141,3
2 525,5
615,8
4,9%
6,0%
2,9%
5
Оңтүстік Корея
3 004,8
2 265,2
739,7
4,7%
5,4%
3,4%
6
Нидерланды
2 943,8
2 843,6
100,2
4,6%
6,7%
0,5%
7
Өзбекстан
2 243,0
1 682,7
560,3
3,5%
4,0%
2,6%
8
Франция
1 875,2
1 525,1
350,1
2,9%
3,6%
1,6%
9
Испания
1 419,6
1 315,8
103,8
2,2%
3,1%
0,5%
10
АҚШ
1 371,4
730,3
641,2
2,2%
1,7%
3,0%
11
Германия
1 079,7
302,6
777,2
1,7%
0,7%
3,6%
12
Румыния
1 079,5
1 001,7
77,8
1,7%
2,4%
0,4%
13
Ұлыбритания
961,6
843,0
118,6
1,5%
2,0%
0,6%
14
Греция
955,6
945,0
10,6
1,5%
2,2%
0,0%
15
Сингапур
926,1
908,6
17,5
1,5%
2,2%
0,1%
Басқа да елдер
11 828,73
7 790,54
4 038,19
18,57%
18,44%
18,82%