Атыраудағы мұнай өңдеу зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүреді, бұл кезде нысан толығымен тоқтатылмайды, деп хабарлайды Egemen.kz Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.
«Қыркүйек-қазан айларында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына және жабдықтар мен құбырларды, электр жабдықтарын, технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін (ТПБАЖ) және бақылау-өлшеу аспаптарын (БӨА) куәландыруға байланысты Атырау МӨЗ-де жоспарлы алдын ала жөндеу жүргізіледі, делінген ведомствоның ақпараттық хабарламасында.
АМӨЗ-дің артықшылығы – мұнайды қайта өңдеудің екі ағынды схемасы, яғни объектілер кезекпен тоқтап, іске қосылады. Зауыттың 50-70% қуаты жұмысын жалғастырады, объектілер толық тоқтатылмайды.