• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
09 Мамыр, 2014

Серіктестік өзара сенім арқылы нығаяды

376 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Уильям Бёрнспен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастардың, соның ішінде сауда-экономикалық жә­не инвестиция саласындағы бай­ла­ныстардың негізгі бағыт­тары қарастырылды. Бұдан бөлек, Қазақстанның алдағы Дүние­жүзілік сауда ұйымына кіруіне қа­тысты негізгі мәселелер талқы­ланды. Тараптар Украина мен Ауғанстандағы жағдайға қоса, халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты. Мемлекет басшысы Қа­зақ­станның Құрама Штаттармен екі­жақты қарым-қатынасты белсенді дамытуға әзір екенін айтты. – Таяуда мен Гаагада АҚШ Пре­зидентімен кездестім. Біз елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты дамыту мәселелерін, сондай-ақ, әлемде бүгінгі таңда қалыптасып отырған ахуалды егжей-тегжейлі талқыладық. Оған қоса, бірлескен мәлімдеме қабылдадық. Екіжақты ынтымақтастықты жоғары дең­гейде бұдан әрі де жалғастыру қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. У.Бёрнс Мемлекет басшысына АҚШ Президенті Барак Обаманың жылы лебізін жеткізіп, АҚШ-тың Қазақстанмен стратегиялық се­рік­тестікке деген ұзақмерзімді айнымас ұстанымын атап өтті.